Жаздың ең үздік 50 голы (видео)

Жаздың ең үздік 50 голы (видео)
Фото: euro2016.rsport.ru

2016 жылдың жазы спорт тарихында айтып жүрер оқиғаларға толы болды. Оның бірі – Риодағы Олимпиада ойындары болса, екіншісі – футболдан Францияда өткен Еуропа чемпионаты. Осы орайда жаз мезгіліндегі футбол ойындарында соғылған ең үздік 50 голдың топтамасын назарларыңызға ұсынғалы отырмыз.

Футбол спортының басты мақсаты – гол соғу, қарсыласты жеңу. Ал жанкүйерлер үшін футболдың бір қызығы – соғылған голды тамашалау. Осы жазда Франциядағы ірі додалармен қатар, ішкі біріншіліктер, Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына іріктеу ойындары да өтті.

Үздіктер қатарына қазақстандық клуб ойыншыларының да голдары енген. Алматыда өткен «Қайрат» пен «Тараз» ойынында Андрей Аршавиннің асқан шеберлікпен соққан голы 46-шы, «Астана» ойыншысы Агим Ибраимидің «Селтик» қақпасына соққан голы 38-ші орыннан көрінген. Ең үздік ретінде Еуропа чемпионатында Джердан Шакиридің қайшылай теуіп соққан голы танылған.

Ө. Сансызбай