Гена мен Бақтияр Артаевтың рингтегі кездесуі

Гена мен Бақтияр Артаевтың рингтегі кездесуі
Фото: today.kz

Ұзақ жылғы еңбек пен мол тәжірибе спорттағы басты тактика болып есептелінеді. Спортшының ептілігі мен дарынына байланысты дайындайтын бапкерлер жаңадан залға кірген жігіттердің болашағы қандай екенін бірден болжай алады. Көпшілік спортшыдан оза шауып қарсылас шақ келтірмей тұрғандары өздерінің бекер келмегендерін дәлелдеп үлкен спортқа қарай бет бұра бастайды. Осындай тамаша спортшылардың бірі, бүгінгі таңда ел құлағын елең еткізер Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкин екені бәрімізге мәлім. Бұл жігіттер жұлдызы жанып халық алдында жарқырап жүргенімен, артта қаншама қан аралас тердің қалғаны өздері мен бапкерлеріне ғана аян. Қазіргі уақытта Бақтияр Артаев спортты доғарып, Гена кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Қос мықтының жұдырық түйістіргенін бір көруге құмартқан жандарда аз емес. Алайда, есейгенде төрт бұрышты рингтің ішінде кездеспегінімен, 1997 жылы шілденің 3 күні қос мықты жасөспірімдер арасындағы жарыста жұдырық түйістірген екен. Қос қаланың атынан шығып абыройын асқақтатуға ниеттенген жігіттердің қайсысы топ жарғанын видеодан көріңіздер.   

B. ZHAQSYMBET