"Зенит" Нани үшін 32 миллион евро беруге дайын

"Зенит" Нани үшін 32 миллион евро беруге дайын

"Зенит" Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани үшін «Манчестер Юнайтедке» 32 миллион евро ұсынды, деп хабарлайды Daily Mail.

Дерек көзіне сенсек, 25 жастағы футболшының өкілдері «Зенит» клубының агенттерімен дүйсенбі күні Амстердамда келіссөздер жүргізген.

Естеріңізге сала кетсек, "Зениттің" бас бапкері Лучано Спалетти бұдан бұрын Нани мен Порту командасының шабуылшысы Халкка қызығушылығын білдерген болатын. Британдық ақпарат көздерінің хабарлауынша, "МЮ" өз ойыншысымен келісім-шартты созбауды шешкен. Сондай-ақ, "МЮ" егер питерлік клуб 32 миллион евро ұсынса, келісім-шартқа келісетінін білдірді.

Айта кетсек, Нани "Манчестер Юнайтед" сапында 2007 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол осы уақытта дейін манкуниандықтар қатарында 200 ойын өткізіп, 36 голдың авторы атанды. Ал ағылшын Премьер лигасының  өткен маусымында ол 29 кездесуге қатысып, 11 гол соқты. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: fczenitspb.ru

Ж. FM