Исламханның голы – үздік атануға үмітті!

Исламханның голы – үздік атануға үмітті!
Фото: vesti.kz

«Қайрат» футбол клубының капитаны Бауыржан Исламханның Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Шотландияның «Абердин» клубының қақпасына соққан голы британдық «BT Sport» телеарнасының таңдауы бойынша үздік атануға үмітті.

Алматылық клубтың ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, Бауыржан Исламханның алыс қашықтықтан бағыттаған нәтижелі соққысы Еуропа лигасының үздік бес голының қатарына енген. Қазіргі таңда арна ресми сайтында үздік голға дауыс беру сауалнамасын бастаған. Отандасымызға осы сілтеме арқылы дауыс бере аласыздар. Үздік гол иесі 18 мамыр күні Базельде өтетін финалдағы «Ливерпуль» мен «Севилья» ойынынан кейін анықталады.

Үздік голдарға үмітті бестікке Бауыржан Исламханнан өзге төмендегі төрт гол енген:

Мұхаммед Эль-Ненидің («Базель») Италияның «Фиорентина» клубының қақпасына соққан голы

Хосе Кальехонның («Наполи») дат клубы «Мидтьюлландқа» соққан голы

Арис Адуристің («Атлетик») Францияның «Марсель» клубына соққан голы

Фелипе Коутиньюдің («Ливерпуль») «Манчестер Юнайтед» қақпасына соққан голы

Ө. Сансызбай