Әлемдегі ең қымбат футбол клубтары

Әлемдегі ең қымбат футбол клубтары
Фото: youtube.com

Әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингі жарияланды. Әйгілі «Forbes» журналының сараптамасы бойынша Испанияның «Реал» футбол клубы рейтингте төртінші жыл қатарынан көш бастады.

«Корольдік клубтың» жалпы құны 3,65 миллиард долларды құрайды. Бір айта кетерлігі рейтингте нарықтық баға мен ішкі біріншіліктен түсетін табыс есептелмеген. «Реалдан» кейінгі екінші және үшінші орындарға каталондық «Барселона» мен манкуниандық «Манчестер Юнайтед» клубтары орналасқан.

«Forbes» журналы сараптамасы бойынша түзілген әлемдегі ең қымбат футбол клубтары:

1. «Реал Мадрид» - 3,65 миллиард доллар

2. «Барселона» - 3,56

3. «Манчестер Юнайтед» - 3,32

4. «Бавария» (Германия) - 2,68

5. «Арсенал» (Англия) - 2,02

6. «Манчестер Сити» (Англия) - 1,92

7. «Челси» (Англия) - 1,66

8. «Ливерпуль» (Англия) - 1,55

9. «Ювентус» (Италия) - 1,3

10. «Тоттенхэм» (Англия) - 1,02

11. «Боруссия Д» - 836

12. «Милан» - 825

13. «ПСЖ» - 814

14. «Шальке» - 655

15. «Атлетико М» - 633

Ө. Сансызбай