Головкин Уэйдтен жеңіл болып шықты (видео)

Головкин Уэйдтен жеңіл болып шықты (видео)
Фото: vk.com

24 сәуір күні шаршы алаңға шығатын Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд Лос-Анджелесте салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Отандасымыз америкалық боксшыдан аз ғана салмақ айырмасы бойынша жеңіл болып шықты.

Генаның салмағы 159 фунт болса (72,12 келі), Доминик Уэйдтің салмағы 159,6 фунтты (72,39 келі) көрсетті.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен 24 сәуір күні таңертең өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады. 

Ө. Сансызбай