GGG Уэйдпен өткізетін жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алады?

GGG Уэйдпен өткізетін жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алады?
Фото: vk.com

24 сәуір күні өтетін Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд жекпе-жегінде боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері жарияланды. GGG - 2 миллион доллар, ал америкалық боксшы 500 мың доллар көлемінде сыйақы алатын болады.

34 жастағы отандасымыз Давид Лемьемен өткізген жекпе-жегінде де 2 миллион доллар көлемінде сыйақы алған болатын. Бұл Головкиннің спорттық мансабындағы ең ірі көлемдегі гонорары болып саналады.

Головкин-Уэйд жекпе-жегінің андеркартында өнер көрсететін жеңіл салмақта WBC тұжырымында чемпиондық атаққа ие Роман Гонсалес 300 мың доллар алса, оның пуэрто-рикалық қарсыласы Маквильямс Арройо 75 мың АҚШ долларын қалтасына басатын болады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек Астана уақытымен 24 сәуір күні таңертең өтеді. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады. 

О. Сансызбай