Грекияда Рио Олимпиадасының алауы жағылды (видео)

Грекияда Рио Олимпиадасының алауы жағылды (видео)
Фото: vesti.ru

Грекияда 2016 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылды. Салтанатты шара Пелопоннес аймағындағы Гера ғибадатханасында өтті.

Рио Олимпиадасының эстефеталық алауын бірінші болып дәстүр бойынша грек спортшысы бастайды. Бұл жолы алауды спорттық гинастикадан 2015 жылғы әлем чемпионы 25 жастағы Элефтериос Петруниас алып жүреді. Бұдан соң спортшы Олимпиада қозғалысының негізін қалаушы Пьер де Кубертеннің ескерткішінің жанында алау эстафетасын екі дүркін Олимпиада чемпионы, бразилиялық Джоване Гавиоға тапсырады. 27 сәуірге дейін Грекия жерінде өтетін эстефеталық алауға босқындардың бірі де қатысады.

Олимпиада алауының эстафетасы Бразилияда 3 мамыр күні жалғасын табады. Бразилияның 329 елдімекені арқылы өтіп, 5 тамыз күні «Маракана» стадионына жеткізілетін болады. 

Ө. Сансызбай