GGG бейсбол ойынын бастап берді (видео)

GGG бейсбол ойынын бастап берді (видео)
Фото: vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), WBС (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкин «Лос-Анджелес Доджерс» және «Сан-Франциско» командалары арасындағы бейсбол ойынын бастап берді. Лос-Анджелестегі ойын алдында GGG жергілікті клубтың жейдесінде алаңға шықты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин спорттық мансабындағы 35-ші жекпе-жегін осы Лос-Анджелес қаласындағы «Форум» аренасында өткізеді. Шаршы алаңдағы жұдырықтасу 24 сәуір күні таңертеңге жоспарланған. Қарсыласы - Доминик Уэйд. Тікелей эфирде «Қазақстан» ұлттық арнасы көрсететін болады.

Ө. Сансызбай