Чемпиондар лигасы финалының билеттері қанша тұрады?

Чемпиондар лигасы финалының билеттері қанша тұрады?

2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы 28 мамыр күні Миландағы "Сан-Сиро" стадионында өтеді. Ал ойынның билеттері сатылымға шықты. 

УЕФА ресми сайты арқылы 6 мың билет сатпақ. Ең арзан билет 70 евро болса, ең қымбаты 440 евроға бағаланып отыр. Ал финалға шыққан қос клубқа 20 мың билеттен таратылады. Ал қалған 25 500 билет жергілікті ұйымдастыру комитеті, ұлттық футбол қауымдастығы мен ресми демеушілеріне үлестіріледі.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қарымта ойындар ертең жалғасын табады. Осыған дейін "Реал", "Вольфсбург", "Бенфика" және "ПСЖ" клубтары ширек финалға шыққан болатын.

Ө. Сансызбай