«Реал» жазда 10 ойыншысын сатпақ

«Реал» жазда 10 ойыншысын сатпақ
Фото: vk.com

Мадридтік «Реал» жаздағы ауысым кезеңінде 10 ойыншысын сатпақ. Бұл туралы sport.es басылымы хабарлап отыр.

«Корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес жазда команда құрамына үлкен өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр екен. Испандық басылым таратқан ақпарат бойынша, клуб 10 ойыншыны сатылымға шығаруы мүмкін. Олардың қатарында команда көшбасшылары Криштиану Роналду мен Серхио Рамос та бар екен. Сондай-ақ қорғаушылар Данило мен Альваро Арбелоа, жартылай қорғаушылар Каземиро, Иско, Тони Кроос, Хамес Родригес және шабуылшы Хесе Родригеспен қош айтыспақ.

«Реал» жазда сатып алуға емеурін танытып отырған ойыншылардың бірі – Эден Азар. Мадридтік клуб «Челси» ойыншысы үшін 80 миллион фунт шығындауға дайын.

Айта кетейік, «Реал» Испания ла-лигасының ХХVII турын сырт алаңда көш соңындағы «Левантеге» қарсы өткізіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі таңда мадридтік ұжым көш басындағы «Барселонадан» 9 ұпайға қалып келеді. Десе де каталондық клубтың еншісінде бір артық ойыны бар. 

Ө. Сансызбай