Күрес киімдерінің түсі өзгереді

Күрес киімдерінің түсі өзгереді
Фото: gazetagreencity.ru

Бүкіләлемдік күрес одағы (UWW) балуандар киімдерінің түсіне өзгерістер енгізбек. Бұл туралы одақтың ресми сайты хабарлап отыр.

Қызыл және көк түстердің орнына елдердің Туының түсі бейнеленеді. Ал қызыл және көк түстер тек киімнің арқа бөлігіндегі сызықтар мен төменгі жағында ғана сақталады. Жаңа өзгерістер 2016 жылғы Олимпиада ойындарына лицензиялық ұпай тарататын Улан-Батордағы (Моңғолия) жарыстан басталмақ.

- Күрес киімдеріне енгізілген өзгеріс көпшілік көңілінен шығады деп ойлаймын. Бұл спорт түріне деген қызығушылықты да арттыра түспек, - деген UWW президенті Ненад Лалович

Ө. Сансызбай