Көзіне шайба тиген хоккейші жарақаттан аман қалды (видео)

Көзіне шайба тиген хоккейші жарақаттан аман қалды (видео)
Фото: thehockeywriters.com

АҚШ пен Канаданың ұлттық хоккей лигасында бақ сынайтын «Даллас» және «Рейнджерс» клубтары арасындағы ойында жанкүйерлер күтпеген оқиға орын алды. Мұз айдындағы қарбаласқан сәттердің бірінде шайба «Рейнджерс» хоккейшісі Дэн Джирардидің қорғаныс бас киімі мен көзінің арасына тұрып қалған. Ойыншы ешқандай жарақат алған жоқ. 

Ойында 3:2 есебімен «Рейнджерс» жеңіске жетті.

О. Сансызбай