«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне «Орталық» стадионының көгалын сыйлады

«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне «Орталық» стадионының көгалын сыйлады
Фото: massaget.kz

Бүгін, 23 ақпан күні Алматы қаласы, «Орталық» стадионында бірегей шара өтті. «Қайрат» ФК жанкүйерлеріне Алматы «Орталық» стадионының көгалын сыйлады.

Қаланың «Орталық» стадионында жөндеу жұмыстары өтіп, көгал (газон) ауыстырылып жатыр. «Қайрат» жаңа маусымда жаңа көгалда ойнайтын болады.

«Қайрат» ФК көгалды бірнеше бөлікке бөліп, өз жанкүйерлеріне үлестіріп берді. Көгал бөлігі ұзындығы 50 см, ені 25 см шамасында.

Көгал бөлшегіне қызығушылық танытып, Алматыдағы жақын-жуығына үлес алып беруін өтінген өзге қала тұрғындары да болды. Себебі бұл көгалда елеулі тарихи ойындар өтті – Еуропа лигасы мен ішкі чемпионаттың тамаша матчтары, әлем жұлдыздары мен «Қайрат» ФК ардагерлерінің ойыны.

Көгал бөлшегін иеленген кісі кеңселік пышақпен кесіп, өзі кез келген пішінге келтіріп алуына болады. Әдеттегі бөлме гүлін өсіретін қыш құмыраға (гаршок) орналастырса, ұзақ уақыт бойы сақтауға болады.

@. @assel_assanova