Келешекте салынатын ең қымбат стадион

Келешекте салынатын ең қымбат стадион
Фото: sports.ru

2019 жылы Лос-Анджелесте (Инглувуд) әлемдегі ең қымбат спорт кешені салынады. Жобаға «NFL Disney World» деген атау беріліп отыр.

Спорттық кешеннің басты нысаны ретінде «Лос-Анджелес Рэмс» стадионы саналып отыр. Оның құны 2,6-3 миллиард долларды құрамақ. Бұл осыған дейінгі салынған стадиондардан екі есе қымбатқа бағаланып отыр.

Стадион америкалық футбол спортына арналып салынады. Ойынды бір мезетте 80 мың жанкүйер тамашалай алады. Ал өзге мерекелік іс-шаралар өтетін кезде стадионға 100 мыңға жуық көрермен кіре алады.

Ауа райының қолайсыздығы кезінде стадионның шатыры жабылады. Онда екі клуб («Окленд Райдерс» және «Сан-Диего Чарджерс») өз алаңы ретінде ойнауы мүмкін. Егер екі клуб ойнайтын болса, «Альянс Арена» секілді екі түске боялатын болады.

«NFL Disney World» жобасының аумағына жалғыз стадион ғана салынбайды. 3,1 миллион квадрат фут жерге қонақүй, 2500 тұрғын үй және саябақ салынады деп жоспарланған. 

Ө. Сансызбай