Спорттық жейдесі ең көп сатылатын футболшылар

Спорттық жейдесі ең көп сатылатын футболшылар
Фото: eurocups-uefa.ru

2015 жылы жейдесі ең көп сатылған футболшылар көшін каталондық «Барселона» сұрмергені Лионель Месси бастады. Бұл туралы спорттық атрибутикалар сататын «World Soccer Shop» порталы хабарлап отыр.

Аргентиналық сұрмергеннің есімі жазылған жейделерден кейінгі екінші орынға Криштиану Роналду есімі жазылған жейделер орналасқан. Үштікті Неймардың есімі жазылған жейделер түйіндеп тұр. Естеріңізде болса, 2015 жылғы «Алтын доптың» үштігіне де осы үш футболшы енген болатын.

Жейдесі ең көп сатылатын футболшылар ондығы:

1. Лионель Месси (Барселона)

2. Криштиану Роналду (Реал Мадрид)

3. Неймар (Барселона)

4. Эден Азар (Челси)

5. Алексис Санчес (Арсенал)

6. Златан Ибрагимович (ПСЖ)

7. Стивен Джеррард (Лос-Анджелес Гэлакси)

8. Гарри Кейн (Тоттенхэм)

9. Уэйн Руни (Манчестер Юнайтед)

10 Месут Озил (Арсенал)

Ө. Сансызбай