Чех теннисшісі бір ойындағы эйстер саны бойынша рекорд орнатты

Чех теннисшісі бір ойындағы эйстер саны бойынша рекорд орнатты
Фото: eurosport.ru

Халықаралық аренада Чехияның намысын қорғап жүрген теннисші Кристина Плишкова WTA жаңа рекордын орнатты. Ол бір ойында 31 эйсті сәтті орындады.

Кристина Плишкова Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рекордын «Australian Open» халықаралық турнирінде тіркеді. Ол пуэрто-рикалық Моника Пуигке қарсы кездесуде 31 эйс орындады. Чех теннисшісінің жойқын соққыларын қарсыласы көп тұста қайтара алмады. Десе де тартысқа толы өткен ойында Кристина Плишкова жеңіске жете алған жоқ.

Бір ойындағы эйстер саны бойынша осыған дейінгі рекорд неміс теннисшісі Сабин Лицискийдің еншісінде еді. Ол 2015 жылы Бирмингемде өткен турнирде 27 эйс орындаған еді.

Ө. Сансызбай