«Олд Траффорд» - Англиядағы ең «іш пыстырарлық» стадион

«Олд Траффорд» - Англиядағы ең «іш пыстырарлық» стадион
Фото: all-pix.com

Танымал «Daily Mail» басылымы Англия премьер-лигасының осы маусымдағы ең аз гол соғылған стадиондардың рейтингін жариялады. Нәтижесінде «Манчестер Юнайтед» клубы ойын өткізетін «Олд Траффорд» ең «іш пыстырарлық» стадион саналып отыр.

Осы маусымда «қызыл сойқандар» өз алаңында ең аз гол соққан. Бар болғаны 13 гол ғана. Нәтижесінде ХІХ турдан кейінгі ең «іш пыстырарлық» стадион саналып отыр. Сондай-ақ, «Ивуд Парк» («Блэкберн»), «Дипдейл» («Престон Норт Энд») және «Стэдиум оф Лайт» («Сандерленд») стадиондарында да жанкүйерлер аз гол тамашалаған. Бұл стадиондарда 18 голдан соғылған.

Жаңа маусымның Жаңа жылға дейінгі қорытындысы бойынша «Лондон Роуд» («Питерборо») бірінші орында. Бұл стадионда 45 гол соғылып үлгерген. «Манчестер Сити» мен «Эвертон» клубтарының алаңдарында 41 голдан соғылған.

Айта кетейік, рейтингте бір стадионда ойын өткізетін бірнеше клубтың соққан голдары есепке алынған. 

Ө. Сансызбай