«Алтын доптан» үміткер 23 футболшы белгілі болды

«Алтын доптан» үміткер 23 футболшы белгілі болды
Фото: eurocups-uefa.ru

Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) 2015 жылғы «Алтын доп» марапатына үміткер 23 футболшының есімін жариялады. Бұл туралы ресми сайтында хабарлап отыр.

«Алтын допқа» үміткер футболшылардың қатарына каталондық «Барселонадан» 6 бірдей ойыншы енген. Мадридтік «Реал» мен мюнхендік «Баварияда» 5 ойыншыдан бар.

«Алтын допқа» үміткерлер тізімі:

Андреас Иньеста, Хавьер Масхерано, Лионель Месси, Неймар, Иван Ракитич, Луис Суарес (бәрі де - "Барселона"); Гарет Бэйл, Карим Бензема, Криштиану Роналду, Тони Кроос, Хамес Родригес (бәрі де - "Реал"), Роберт Левандовский, Томас Мюллер, Мануэль Нойер, Арьен Роббен, Артуро Видаль (бәрі де - "Бавария"); Серхио Агуэро, Кевин де Брейне, Яя Туре (бәрі де - "Манчестер Сити"), Эден Азар ("Челси"), Златан Ибрагимович ("ПСЖ), Поль Погба ("Ювентус"), Алексис Санчес ("Арсенал").

Сонымен қатар 2015 жылдың үздік бапкеріне 10 үміткердің де есімдері белгілі болды. 

2015 жылдың үздік бапкеріне үміткерлер:

Массимилиано Аллегри ("Ювентус"), Карло Анчелотти ("Реалдың" экс-бапкері), Лоран Блан (ПСЖ), Унаи Эмери ("Севилья"), Хосеп Гвардиола ("Бавария"), Луис Энрике ("Барселона"), Жозе Моуринью ("Челси"), Хорхе Сампаоли (Чили құрамасы), Диего Симеоне ("Атлетико") және Арсен Венгер ("Арсенал").

«Алтын доп» иегері ұлттық құрамалардың бас бапкері мен команда капитаны, және ФИФА қауымдастығына мүше бір тілшінің дауыс беруі арқылы анықталады. Желтоқсан айының соңында басты үміткер 3 футболшының есімі белгілі болмақ. Ал «Алтын доп» иегері мен жылдың үздік футболшысын ФИФА 11 қаңтарда Цюрихтегі салтанатты кеште мәлімдейтін болады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, өткен жылы мәртебелі бұл атақты Криштиану Роналду иеленген болатын. Ал өткен жылдың ең үздік бапкері болып Германия ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Йоахим Лев танылған болатын.

Ө. Сансызбай