Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Чемпиондар лигасының екінші күніндегі басты оқиғалар

Чемпиондар лигасының екінші күніндегі басты оқиғалар

Чемпиондар лигасының екінші күніндегі басты оқиғалар

Футболдан Еуропаның басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойындар аяқталды. Ал біз доданың екінші күні орын алған басты оқиғаларды туралы айта кетпекпіз.

«Е» тобы. «Барселона» қақпасына алаң ортасынан гол соғылды

Өткен маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алған «Барселона» бірінші турда Римде «Ромамен» тең ойнады. Бірінші болып Луис Суарес есеп ашса, алаң иелері сапынан Флоренци таразы басын теңестірді. Есепті теңестіріп қана қоймай, Чемпиондар лигасындағы ең үздік голдардың бірін соқты. Қорғаушының алаң ортасына жақын тұстан тепкен добы Марк тер Штеген қорғаған қақпаның торында тулады. Ал бұл голдың соғылуына бас бапкер Луис Энрике өзін кінәлі екенін мәлімдеді.

Месси рекорд орнатуда Роналдудан қалған емес

Кеше Криштиану Роналду рекорд орнатса, бүгінгі кезек Мессиге келді. Аргентиналық сұрмерген Чемпиондар лигасындағы 100-ші ойынын өткізді. Нәтижесінде бұл жетістікті бағындырған ең жас ойыншы ретінде Раульды басып озды. Шабуылшы «Ромаға» қарсы ойында гол соғып, жарқын ойынымен көзге түсе алмады.

«Е» тобындағы екінші ойында леверкузендік «Байер» «БАТЭ» (Беларусь) клубын айқын басымдықпен жеңді. Германияда өткен ойында 4:1 есебі тіркелді.

«F» тобы. «Арсеналдың» жеңілісі жанкүйерлерді таңдандырды

Лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасын сәтсіз бастады. Загребте жергілікті «Динамоға» ұтылды. Алдымен Йосип Пиварич гол соқса, 40 минутта ағылшындық клуб сапынан Оливье Жиру алаңнан қуылды. Екінші таймда Хуниор Фернандес есепті еселесе, «Арсенал» бір гол соғумен ғана шектелді.

Осылайша Арсен Венгер Чемпиондар лигасындағы 19-шы маусымын сәтсіз бастады. Сондай-ақ, бұл додаға ең көп командасын бастап шыққан бапкер ретінде сэр Алекс Фергюсонды басып озды.

«F» тобындағы екінші фаворит клубтардың бірі - «Бавария». Хосеп Гвардиола шәкірттері бірінші ойында «Олимпиакосты» ойсырата жеңді. Пирейде өткен ойында қонақтар алаң иелері қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты.

«G» тобы. "Азар мен Роналдуды салыстыруға келмейді"

Лондондық «Челси» өз алаңында Израильдың «Маккаби Тель-Авив» клубын төрт доп басымдығымен ұтты. Ал 6 минутта Эден Азар пенальти орындай алмады. Нәтижесінде әлеуметтік желі қолданушылары бельгиялық ойыншы мен Роналдуды салыстыруға келмейтінін айтып, сынның астына алды. Кездесуде Виллиан, Оскар, Диего Коста және Сеск Фабрегас гол соғып, көзге түсті.

«G» тобының екінші ойынында киевтік «Динамо» мен «Порту» 2:2 есебімен тең тарқасты.

«Н» тобы. «Зенит» Испаниядан 3 ұпай алып қайтты

Ресейлік «Зенит» Испанияда мінез танытты. «Месталья» стадионында «Валенсияны» 3:2 есебімен жеңіп, бірінші ойындағы 3 ұпайын толықтай иеленді. Ал «Гент» (Бельгия) пен «Лион» (Франция) арасындағы ойында 1:1 есебі тіркелді.

Бүгін Чемпиондар лигасынан бір бәс төмен тұратын Еуропа лигасының ойындары өтеді.  

Фото: vk.com
Қосылған күні: 17 қыркүйек 2015, 14:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.