«FIFA 2016» ойынындағы 10 жылдам футболшы

«FIFA 2016» ойынындағы 10 жылдам футболшы
Фото: sports.ru

8 қыркүйек күні «FIFA 2016» компьютер ойынының демо нұсқасы таныстырылды. «Electronic Arts» ұсынған жаңартылған ойынның 23-ші нұсқасы қызығушыларының көңілінен шығып отыр. 

Жаңартылған ойынның демо нұсқасында 10 клуб арқылы жолдастық ойындар өткізуге болады. Олар: «Барселона», «Реал», «Челси», «Манчестер Сити», «Пари Сен-Жермен», «Интер», «Боруссия Дортмунд», «Боруссия Менхенгладбах», «Ривер Плейт» және «Сиэтл Саундерс». Сондай-ақ, АҚШ пен Германия әйелдер құрамасы да бар. «FIFA 2016» ресми түрде айналымға 24 қыркүйек күні шығады деп күтілуде. Ал біз сіздердің назарларыңызға ойындағы ең жылдам 10 футболшы рейтингін ұсынамыз. Бұл қатарға Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбеген.

10. Марко Сау (Кальяри)

9. Кекута Мане (Ванкувер)

8. Доминик Одуро (Монреаль)

7. Джонатан Бьябьяни (Интер)

6. Гарет Бэйл (Реал)

5. Юрген Дамм (Тигрес)

4. Эрнест Асанте (Стабек)

3. Пьер-Эмерик Обемьянг (Боруссия Д)

2. Матис Болли (Фортуна)

1. Тео Уолкотт (Арсенал)

О. Сансызбай