Чехия алаңында қазақ әнұраны жанды дауыста шырқалды (видео)

Чехия алаңында қазақ әнұраны жанды дауыста шырқалды (видео)
Фото: vesti.kz

Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеудің топтық кезеңіндегі Чехия мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Ал кездесу алдындағы салтанатты шарада ҚР әнұраны жанды дауыста шырқалды.

Чехия құрамасының ойыншылары Қазақстан құрамасына қарсы кездесуге тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Футболшылармен қатар, ойын алдындағы салтанатты шараны ұйымдастырушылар да көп еңбектенгені көрініп тұрды. Алаңға шыққан ойыншылар алдында чех қыздары қазақ және чех елінің әнұрандарын жанды дауыста орындап шықты.

Айта кетейік, ойында Қазақстан құрамасы бірінші тайм қорытындысы бойынша алда болғанмен, жеңісті ойын соңына дейін ұстап қала алмады. Екінші таймда алаңға шыққан Милан Шкода дубль авторы атанып, алаң иелеріне маңызды 3 ұпайды сыйлады. 

Ө. Сансызбай