Әлем чемпионатында оператор Усейн Болтты қағып құлатты (видео)

Әлем чемпионатында оператор Усейн Болтты қағып құлатты (видео)
Фото: eurosport.ru

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт Бейжіңдегі әлем чемпионатында 200 метрге жүгіруде мәреге бірінші болып келді. Қуанышын стадиондағы жанкүйерлермен бөлісіп жүрген спортшыны сегвей мінген оператор қағып құлатты.

Усейн Болт 200 метр қашықтықты 19,55 секундта бағындырып, 10-шы рет әлем чемпионатында топ жарды. Маусымның үздік көрсеткішіне ие болған спортшы жеңісін құттықтау сәтінде ойламаған жерден жарақат алып қала жаздады. Спортшыны жаққыннан түсіріп жүрген оператор сегвейінің тепе-теңдігін сақтай алмай, әлем чемпионын қағып құлатты. Абырой болғанда, ямайкалық спортшы жарақат алған жоқ.  

Ө. Сансызбай