Роналду агентіне арал сыйлады

Роналду агентіне арал сыйлады
Фото: gboooo.com

Футболдан Португалия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» көшбасшысы Криштиану Роналду өзінің жеке агенті (ойыншының келісімшартын түзуші, бақылаушы) Жорже Мендешке арал сыйлады. Футболшы тосынсыйды агентінің үйлену тойының құрметіне сыйға тартқан. 

Бейресми деректер бойынша, Роналду сыйға тартқан арал Грекия жерінде орналасқан көрінеді. Осыған дейін аталған аймақта бірнеше арал қатарынан аукционға қойылған екен. Ал құны 3-50 миллион евро аралығында болған.

Жорже Мендештің шаңырақ көтерген тойына Криштиану Роналдудан бөлек, «Реал» президенті Флорентино Перес, клуб ойыншылары Пепе мен Хамес Родригес келген.

Айта кетейік, Жорже Мендеш жақында ғана ESPN басылымы түзген рейтингте әлемдегі ең беделді тұлғалар қатарына еніп, Мишель Платиниден (УЕФА президенті) кейін екінші орыннан көрінген еді. 

Ө. Сансызбай