Маусым айында соғылған ең үздік голдар (видео)

Маусым айында соғылған ең үздік голдар (видео)
Фото: bangla.bdnews24.com

Футбол спортының басты мақсаты – гол соғу, қарсыласты жеңу. Ал жанкүйерлер үшін футболдың бір қызығы – соғылған голды тамашалау. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға маусым айында соғылған ең үздік голдар топтамасын ұсынамыз.

Маусым айында әлем футболында айтарлықтай жаңалықтар көп болды. Ішкі біріншіліктер, Еуропа чемпионатына іріктеу, Америка кубогы мен жолдастық кездесулер, т.б. жанкүйерлер назарынан тыс қалмағаны анық. Айдың ең үздік голдары қатарына «Ақтөбенің» армениялық легионері Маркос Пизеллидің Португалия қақпасына, түрік Арда Тұранның Қазақстан құрамасының қақпасына соққан голдары да еніп отыр.  

О. Сансызбай