Илья Ильин PSY-ға қазақи үлгідегі шапан сыйлады

Илья Ильин PSY-ға қазақи үлгідегі шапан сыйлады
Фото: vesti.kz

Кеше Алматы қаласында «Gangnam Style» әнімен әлемге танылған әйгілі оңтүстік кореялық әнші PSY концерт өткізді. Алғаш рет Алматыда өткен концертте еліміздің танымал спортшысы Илья Ильин қонақтың иығына шапан жапты.

Оңтүстік кореялық әнші Балуан Шолақ спорт кешенінде концерт өткізді. Концертке Қазақстан мен Ресейдің өнер жұлдыздары мен танымал тұлғалары да қатысты. Олардың қатарында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин де болды. Отандасымыз PSY-ға қазақша шапан сыйлап, құрмет танытты. Бұл туралы спортшының өзі instagram желісіндегі жеке парақшасында хабарлады. 

Ө. Сансызбай