Европа ойындарында грузин және беларус балуандары төбелесіп қалды (видео)

Европа ойындарында грузин және беларус балуандары төбелесіп қалды (видео)
Фото: http://img.baku2015.com/

Әзірбайжан елінің астанасы Бакуде өтіп жатқан Европа ойындарында грузин және беларус балуандары төбелесіп қалды. Нәтижесінде екі спортшы да жарыстан шеттетілді.

57 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан еркін күрес шеберлері грузиялық Владимир Хинчегашвили мен беларус балуаны Владислав Андреев бір-біріне қол сілтеп, жарыстан шығып қалды. Екі спортшыға да жүлденің ауылы алыс емес болатын. Жартылай финалда жолыққан еді. Нәтижесінде екеуінен жеңілген неміс Марсель Эвалд пен албан Ислам Ислама боз кілемге шығып, финал жолдамасын сарапқа салатын болды.

Айта кетейік, Европа ойындары 12 маусым күні басталған еді. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған дода 28 маусымға дейін жалғасады. Жарысқа 6000-нан астам спортшы қатысуда.  

Ө. Сансызбай