«Реал» «Барселонаны» Чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтамады

«Реал» «Барселонаны» Чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтамады
Фото: sports.ru

Мадридтік «Реал» басты қарсыластары саналатын каталондық «Барселонаны» Чемпиондар лигасындағы жеңісімен құттықтамады. Бұл туралы испан басылымдары хабарлап отыр.

Испан басылымдары таратқан ақпарат бойынша, «корольдік клуб» басшылығы әлеуметтік желілердегі топтарының қызметкерлеріне құттықтамау туралы арнайы нұсқау берген. Нәтижесінде клубтың бірде-бір әлеуметтік желідегі жеке парақшасы каталондық клубты жеңісімен құттықтамаған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы «Реал» чемпион атанғанда «Барселона» алғашқылардың бірі болып құттықтаған болатын.

Ө. Сансызбай