Хоккейде баспен соғылған шайба есепке алына ма?

Хоккейде баспен соғылған шайба есепке алына ма?
Фото: avenuepost.com

Хоккей – қауіпті спорт түрлерінің қатарына жатады. Кейде "нағыз ерлер спорты" деп те аталады. Одан өзге мұз айдындағы ойынның 800-ге жуық ережесі де бар.

Хоккей - қақпалар орнатылған арнайы алаңда таяқпен, доп не шайбамен ойналатын командалық спорт түрі. Алаң, доп немесе шайбамен ойнауына байланысты үш түрге бөлінеді. Олар допты хоккей, көгалдағы хоккей және шайбалы хоккей. Бүгін біз сіздерге шайбалы хоккейде голдың қалай есепке алынатыны туралы айтатын боламыз.

Шайбалы хоккейдегі қақпаның биіктігі – 122 сантиметр, ені – 183 сантиметр болады. Гол - қақпа сызығынан шайба асқанда ғана есепке алынады. Ал оның есепке алынуы алдында қалай соғылғаны төрешілер назарынан тыс қалмайтыны анық. Хоккейшілердің ойындағы басты құралы – имек келген хоккей таяқтары. Басты ережесіне сәйкес, гол имек таяқ арқылы бағытталған соққы нәтижесінде ғана қақпаға енсе есепке алынады. Сонымен қатар, бағытталған шайба командаласының қандай да бір дене бөлігіне кіріп қақпа төрінен табылса да гол ретінде есептеледі. Хоккейшілер қандай да бір қателік жіберіп, өз қақпаларына енгізіп алған шайба гол болып саналады. Ал қандай жағдайда қақпаға енген шайба гол ретінде есепке алынбайды?

Шайбалы хоккейде конькимен, аяқпен, қолмен, баспен т.б. тәсілдер нәтижесінде қақпаға енген шайба есепке алынбайды. Себебі, шайба арнайы таяқ көмегімен қақпаға бағытталуы тиіс. Егер арнайы таяқсыз бағытталған шайба өзге ойыншыға немесе төрешіге тиіп қақпа кірсе де гол болып саналмайды. Одан өзге қақпа орнынан сырғып кеткенде, шайба төрешіге тиіп қақпаға енгенде, т.б. гол болып есептелмейді.

Айта кеткеніміздей, шайбалы хоккейде арнайы баспен гол соғуға болмайды. Тек төреші қателескенде ғана гол есепке алынуы мүмкін. Бірақ ондай қателікке төрешілердің жол беруі екіталай. Ал бағытталған соққы байқаусызда ойыншының басына тиіп қақпаға енер болса онда есепке алынады.

Кеше таңда өткен NXL-гі "Оттава" мен "Тампа-Вэй" клубтары арасындағы ойында баспен шайба соғылды. Мұз айдын иелері ойыншысы Колин Уайт әуелей келген шайбаны баспен қарсыластар қақпасынан бір-ақ шығарды. Құдды бір футболда баспен гол соққандай көрініс сыйлады. Бірақ төрешілер есепке алған жоқ. Жоғарыда айта кеткен ережеге сай соғылған жоқ. Ал хоккейшінің өзі мұны білмейтінін айтқан.

- Егер шайба жерге түссе бағыты өзгеріп кетуі мүмкін еді. Сондықтан мен оны соға алмаймын деп ойладым. Жанымда қорғаушылар да болды. Мұндай ереже барын білмеппін, - деді хоккейші ойын соңынан.

"Оттава" командасының twitter парақшасы "Мұндай голды есепке алу керек. Ұмыту оңай емес" деп жазды. Ал "Тампа-Вэй" клубы да жауап қайырды. "Бұл керемет болды" деп жазды.

Ө. Сансызбай