Микки Рурк кәсіпқой боксқа қайта оралмақ

Микки Рурк кәсіпқой боксқа қайта оралмақ

Америкалық актер Микки Рурк биылғы жылдың жаз айында кәсіпқой боксқа қайта оралмақ. Жиырма жыл үзілістен кейін рингке шығатын спортшының қарсыласымен нақты қай уақытта жұдырықтасатыны белгісіз. Алайда қазірдің өзінде уақытының көп бөлігін жаттығумен өткізіп, өзінің дене бітімін қалыпты ұстап жүрген Микки ешкімнен қаймықпай, жарыс жолына қайта шығатынын мәлімдеп отыр.

62 жастағы боксшы бұған дейін 8 рет рингке көтеріліп, алтауын жеңіп, екеуінде тең нәтижеге жеткен. Өзінің осы бір кәсіпқой бокстағы мансабында атақты Джеймс Тони, Томми Моррисон, Джон Дэвид Джексон сынды алыптармен қолғап түйістірген.

Ал Миккидің осы бір әрекетіне тәнті болып жүргендер оның шын боксшы екенін айтып, Руркқа соңынан еріп келе жатқан спортшыларға үлгі боларлық қадам жасағаны үшін алғыстарын жаудыруда. 

Сурет: ruscur.ru

B. ZHAQSYMBET