Роналду Америка біріншілігіне ауысуы мүмкін

Роналду Америка біріншілігіне ауысуы мүмкін

«Реал Мадрид» футбол клубымен келісімі аяқталғаннан кейінгі Роналдуың өмірі күллі әлемге қызық болып отыр. «2014 жылдың үздік ойыншысы «мадридтіктердің» сапынан кеткеннен кейін Америка біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін, себебі Еуропаның көптеген мықты ойыншысы мансабын сол жақтан аяқтауды жөн көреді. Мысалы, Дэвид Бекхам, Тьери Анри, т.б. », - деп жазады sports illustrated сайты.

Егер португалдық ойыншы алдыңғы лектегі аяқдопшылардың жолын қуып, Америка біріншілігіне ауысар болса, онда Майами, Лос-Анджелес немесе Нью-Йорк командаларының бірінде өнер көрсетуі әбден мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, «Манчестер Юнайтед» командасының басшылығы Роналдуды өз командасына шақырған еді. 

Сурет: delfi.it

B. ZHAQSYMBET