Алаңнан қуылмаудың бір айласы (видео)

Алаңнан қуылмаудың бір айласы (видео)

Футболдан Либератадорес кубогындағы эквадорлық «Барселона» мен колумбиялық «Атлетико Насьонал» кездесуінде жанкүйерлер күтпеген оқиға орын алды. Эквадорлық ұжымның қақпашысы Максимо Бангера қарсыластар ойыншысына қарсы өрескел тәртіп бұзып, алаңнан қуылмау үшін өзінше айла ойлап тапқан.

Ойын ережесін бұзған қақпашы есін жинай алмаған сыңай танытып, бірнеше минут алаңда жатқан. Соның арқасында төреші қызыл қағаз көрсетпейді деп ойласа керек-ті. Бірақ, бас қазы «ұйқысынан оянған» қақпашыны бәрібір ойыннан шеттетті.   

Cурет: barcenet.com

Оқи отырыңыз

"Барселона" "Барселонаны" сотқа бермек

Роналду журналистерге байкот жариялады

Чемпиондар лигасы. «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды

Ирина Шейк Роналдумен неге айырылысқанын хабарлады

О. Сансызбай