«Челсиді» сүріндірген «ПСЖ» ойыншылары қанша сыйақы алады?

«Челсиді» сүріндірген «ПСЖ» ойыншылары қанша сыйақы алады?

Париждік «ПСЖ» лондондық «Челсиді» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында сүріндіріп, ширек финалға жолдама алды. Енді Лоран Блан жаттықтыратын клубтың әр ойыншысы команда басшылығынан қосымша сыйақы алады.

Осыған дейін белгілі болғандай, «ПСЖ» клубы осы маусымдағы Чемпиондар лигасындағы әр жетістігі үшін футболшыларына қосымша қомақты сыйақы дайындап отырғанын хабарлаған болатын. Яғни, олар бүгін ширек финалға шыққаны үшін әр ойыншысына 250 мың евро көлемінде қосымша сыйақы береді.

«ПСЖ» жартылай финалға өтсе клуб басшылығы әр ойыншыға 450 мың евродан беруге дайын. Егер клуб финалға шығып жеңіліп жатса, футболшылар 700 мың евро қосымша сыйақыны қалталарына басатын болады. Ал ең бастысы, «ПСЖ» 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасын жеңіп алар болса, әр ойыншы 1 миллион евро сыйақы алады. Клуб басшысы әрі иегері Нассер Аль-Хелаифи ұжымның жетістігі үшін ақшаны аяп қалмақ емес. Тіпті, париждік клуб Франция ішкі біріншілігінде чемпион атанар болса, әр ойыншыға тағы да 400 мың евро көлемінде сыйақы тағайындап отыр.

Айта кетейік, Лоран Блан жаттықтыратын «ПСЖ» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Челсиға» сырт алаңда соққан екі голының арқасында келесі кезеңге өткен болатын. Ойында 2:2 есебі тіркелді. Париждегі бірінші ойын 1:1 есебімен ақталған еді. 

Сурет: AFP

Оқи отырыңыз

«Челси» Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Чемпиондар лигасы. «Реал» өз алаңында жеңіліп қалды

Чемпиондар лигасы. Тең есептер тіркелді (видео)

Чемпиондар лигасы. «Бавария» - жеңеді, «ПСЖ» - жеңілмейді

О. Сансызбай