Мұздағы мотожарыс жайлы не білесіз?

Мұздағы мотожарыс жайлы не білесіз?
Фото: vestitlt.net

Мұздағы мотожарыс - аса қауіпті спорт түрлерінің санатына жатпайды. Десе де қауіпті тұстары да бар. Ендеше бұл жарыстың тарихы және ерекшеліктерімен таныс бола отырыңыздар. 

1924 жылдан бастап түрлі елдерде мотоциклді мұз үстімен жылдам жүруге икемдемек болған. Норвегия, Финляндия және Швецияда қатып қалған теңіз үстімен шағын жарыстар да ұйымдастырған. Нәтижесінде скандинавиялық жарыскерлер арасында алғашқы халықаралық жарыстар да ұйымдастырыла бастады. Бастапқыда жарыс үшін тау жарысына арналған мотоциклдерді пайдаланған болатын. Артынан арнайы мұз үстінде жүруге арналған, берік бұдырлары бар мотоцикл құрылғылары шығарыла бастады.

Кеңес Одағы тұсында мотоциклдің дөңгелегіне орнатуға болатын бұдырлы құрылғыларды алғаш құрап шығарған инженер-спортшы Николай Иванович Закревский болды. 1938 жылдың наурыз айында хоккей матчының үзілісі аралығында «Динамо» стадионында алғаш рет мұз үстінде дөңгелегінде бұдыры бар мотоциклмен жылдам жүру көрінісін көпшілік назарына ұсынған мотоцикл спортының спортшысы Сергей Бучин еді. Бұл ғажайып көрініс көремендердің көңілінен шықты. Мұздағы мотожарыстың арнайы жарысы КСРО-да 1939 жылы 13 наурыз айында Мәскеу мұзды ипподромында өткен болатын. Ал 1959 жылы Мәскеуде алғашқы ресми чемпионаттың бастауы болды.

Мұздағы алғашқы мотожарыстың дербес чемпионаты 1966 жылы өткізілген болатын, ол уақытта жеңісті атақты совет мотогонщигі, кейіннен 6 дүркін әлем чемпионы атанған Габдрахман Қадыров өз қанжығасына байлаған болатын.

2003 жылдан бері спидвей бойынша үздік нәтижеге Ресей федерациясының командасы ие болып келе жатыр.

Мұздағы мотожарысқа арналған мотоциклдер қандай болады?

Бүкіл әлемдегі барша көрерменді мұздағы мотожарыс барысында өзіне тартатын ерекше фактор – жүргізушінің мұз бойымен стадионды бойлай ерекше құрылғыда зулауы. Ол тек қана мұздағы мотожарысқа арналған көлік. Мұз мотоциклімен супербайк немесе кростық мотоцикл тәрізді қала ішінде жүру мүмкін емес. Оның тежегіші өте ыңғайсыз, және жанармайы – спирт. Техникалық жүйеге жүгінсек, мотоциклдің құрғақ салмағы (жанармайсыз, майсыз) 110 кг. Қозғалтқыштың ең төменгі көлемі - 500 куб.см., қозғалтқыштың қуаты – секунтына 60-64 л. Тегіс жолдарда мотоцикл сағатына 100 км-мен жүреді. Трансмиссия ішіне арнайы екісатылы беріліс қорабы енеді. Мұз үстінде жүруге ыңғайлы болуы үшін мотоцикл дөңгелегі 28 мм-ге дейін жететін бұдырлармен жабдықталған. Алдыңғы дөңгелекте 130, ал артқы дөңгелекте 150-170 бұдырға дейін болуы мүмкін.

Мұндай машина жол үстінде спортшыларға зақым келтірмеуі үшін арнайы түтікті бояулармен, қалқандармен жабдықталған. Әр жүргізушінің қолында сақтандыратын мұрындығы бар білте болуы тиіс. Жарыс барысында жүргізуші құлап қалған жағдайда білте тартылады да, қозғалтқыш тоқтайды.

Ө. Сансызбай