Криштиану Роналду өзіне сұрақ қойған тілшіні сынады

Криштиану Роналду өзіне сұрақ қойған тілшіні сынады

Мадридтің "Реал" командасының және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Атлетико" клубына қарсы ойындағы жеңілісінен кейін өзіне сұрақ қойған тілшімен ерегесіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Youtube ресурсында 7 ақпанда жарияланған видеода Криштиану Роналдудың тілшіге қарата сын айтқанын көруге болады. Бастапқыда тілші оған "Кордоба" құрамасымен қарсы ойында қызыл қағаз алғаннан кейін клубтың гербін ұстадыңыз, бұл нені білдіреді?" деген сұрақ қоды. Бірақ футболшы бірден ашуға булығып, өткеніне біраз уақыт болған ойынға пікір білдіргісі келмегенін меңзейді. Бірақ тілші қайтара сұрақ қойғанда португал оған "Сіз білімсіз тілшісіз, айып етпессіз" деп жауап береді. 

Айта кетейік, бұл матчта "Реал" клубының ойыншысы Криштиану Роналду Испания чемпионаты аясында болған ойын кезіндегі тәртібі үшін 12 матчтан шектетілуі мүмкін екендігі хабарланған болатын. Матч 2:1 есебімен "Реал" командасының жеңісімен аяқталды.

сурет: weloba.cat

Е. Қайрахан