«Реал» «Барселонадан» ойыншы сатып алғысы келеді

«Реал» «Барселонадан» ойыншы сатып алғысы келеді

«Барселона» жастар командасының шабуылшысы Ли Сеунг Ву мадридтік «Реал» командасының назарына ілігіп жүр. Бұл туралы испандық «Marca» басылымы хабарлап отыр.

Жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік Корея құрамасының ойыншысын «корольдік клуб» қатарларына қосуға қадам жасауда. Себебі, Ли Сеунг Ву клубтың академиясында жаттығып жүргенімен, ФИФА шешімімен қазір «Барселона» жастарының сапында ойнап жүрген жоқ.

Қазіргі таңда 17 жастағы футболшыны қатарларына шақырып отырған клубтар жетерлік. Кей басылымдар жас таланттың өнерін жоғары бағалап, «жаңа Месси» деген айдар тағып та үлгеріпті.  

Сурет: sports.ru

Оқи отырыңыз

«Реал» стадионын жарып жібергісі келген кімдер?

Испания футболындағы қақтығыстар мен төбелестер (видео)

Әлемдегі ең бай футбол клубтарын білесіз бе?

Ө. Сансызбай