Төреші ойыншының мұрнын сындырды

Төреші ойыншының мұрнын сындырды

Нидерландының әуесқой футбол лигасында «Барендрехт» пен «Шевенинген» командаларының арасындағы өткен ойында абайсызда төрешінің қолы тиген Митчелл ван Гастелдің мұрны сынды.

Ойынның бітуіне аз уақыт қалғанда Вим Бронсворт футболшыларға нұсқау көрсеткен кезде артынан келген Гастелге қолы тиіп кеткен.

Бұдан өзге де көптеген ойында төрешілердің тарапынан түрлі олқылық болып жатады. Тіпті спортшыларды сабап жатқан қазыларды да кейбір ойындардан көріп жатамыз. Мысал ретінде төмендегі видеоларға назар аударсақ.

Сурет:ruscur.ru

B. ZHAQSYMBET