Серхио Рамос 28 жасында мектеп бітірді

Серхио Рамос 28 жасында мектеп бітірді

Әйгілі мадридтік «Реалдың» қорғаушысы Серхио Рамос мектеп бітіргеніне 10 жыл өткеннен кейін ғана орта білімі барын растайтын куәлікті қолына алды.

Футболшы 2004 жылы «Севилья» командасымен келісімшартқа қол қойғаннан кейін, сабақ оқуды жайына қалдырған. Болашағын үлкен спортта ғана елестеткен Серхио әр жылы өтетін бақылау тестеріне қатысып тұрған. Испандық басылымдардың таратқан ақпараты бойынша, осы жылдың басында ғана футболшы биология және экология пәні бойынша тест жұмысын сәтті тапсырып, орта білімін растайтын куәлікті алған. Ал осы уақытқа дейін Серхио Рамос болса, теңбіл допты серік еткен талай ойыншы арманындағы атақтарға қол жеткізіп үлгерді. Испания құрамасы сапында әлем чемпионы және екі дүркін Еуропа чемпионы атағын бағындырса, «корольдік клуб» қатарында үш рет Ла-лига мен бір рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. 

Сурет: whitegadget.com

О. Сансызбай