Жылдың үздік голын бірге анықтайық!

Жылдың үздік голын бірге анықтайық!

Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) 2014 жылдың Пушкаш сыйлығына үміткер 10 үздік голды жариялады. Бұл қатардан әйгілі Роналду мен Месси көрінбеді.

Әзірге жарияланған үздік голдардың ішінде жұртшылықтың таңдауымен Хамес Родригестің «мундиальдағы» Уругвай қақпасына соққан голы, Робин ван Персидің Касильясты қапы қалдырған сәті, және Златан Ибрагимовичтің «ПСЖ» сапындағы өкшесімен қарсылас қақпасының торын тулатқан нәтижелі соққысы үздіктер көшін бастап тұр.

1. Тим Кэйхилл («Нью-Йорк», Австралия ) әлем чемпионатында Нидерланды соғылған;

2. Диега Коста («Челси», Испания)  »Хетафе» қақпасына соғылған;

3.Марко Фабиан (Мексика, «Крус Асуль») «Пуэбла» қақпасына соғылған;

4. Златан Ибрагимович («ПСЖ», Франция) «Бастия» қақпасына соғылған;

5. Пайтима Касами («Олимпиакос», Швейцария) «Фулхэм» қақпасына соғылған;

6. Стефании Рох («Пимонт Юнайтед», Ирландия)  »Вексфорд Юс» қақпасына соғылған;

7. Хамес Родригес («Реал», Колумбия) ӘЧ кезінде Уругвай қақпасына соғылған;

8. Камило Санвессо ( «Ванкувер», Бразилия) «Портленд» қақпасына соғылған;

9. Хисато Сато («Санфречче», Жапония) «Кавасаки» қақпасына соғылған;

10. Робин ван Перси («Манчестер Юнайтед», Голландия) ӘЧ кезінде Испания қақпасына соғылған;

Дауыс берудің алғашқы кезеңі 1 желтоқсанда мәресіне жетеді. Бұл кезең қорытындысы бойынша 2014 жылдың Ференц Пушкаш атындағы ең үздік голына үміткерлер қатары үшеуге дейін қысқарады. Екінші дауыс беру кезеңі 12 қаңтар күні аяқталып, осы күні 2014 жылдың «Алтын доп» иегерін, үздік голдың иегерін және үздік бапкердің есімін білетін боламыз. Сонымен қатар осы секілді басқа да құрметті сыйлықтардың өз иелері белгілі болады.

Естеріңізге сала кететін болсақ, бұл сыйлық 2009 жылдан бері беріліп келеді. Танымал сыйлықтың атауы 1950 жылдары Венгрия ұлттық құрамасының капитаны болған Ференц Пушкаш құрметіне берілген. Сонымен қатар 2010 жылдың ең үздік голы Қазақстан құрамасының қақпасында тулаған болатын. Ал өткен жылы бұл сыйлықты Швеция құрамасының сапында Златан Ибрагимовичтің Англия құрамасы қақпасына соққан голы үздік болып танылған-ды.

Ендеше 2013 жылдың ең әдемі, ең үздік голын бірге анықтайық. Үздік деп тапқан голыңызға мына сілтемеден дауыс бере аласыздар. 

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай