«Эль-Класико» билеттерінің құны қанша?

«Эль-Класико» билеттерінің құны қанша?

 Футболдан төрткүл дүние көз тігер кездесулердің бірі – мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» арасындағы ойын. Бұл ойынды көзбен көру, миллиондаған жанкүйерлердің бір арманы да.

Бұл маусымдағы «Эль-Класико» кездесуі 25 қазан күні өтеді. Қазіргі уақытта 84 000 жанкүйер бір мезетте ойынды тамашалай алатын «Сантьяго Бернабеу» стадионына кірер билеттер сатылып кеткен. 65 000 билет абоненттер арқылы өз иелерін тапса, қалған 19 000 кіру билеті бар-жоғы 20 минуттың ішінде сатылғаны белгілі болды.

«Эль-Класико» билеттерінің ең арзаны 56 еуроға бағаланған. Бұл 13 000 теңге шамасында. Ал ең қымбат билеттер 272 еуроға сатылған. Теңгеге шаққанда 63 231-ді құрайды. Айта кетейік, «Реал» мен «Барселона» арасындағы кездесу 25 қазан күні Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Бұл ойынға футболға тән емес қылық танытқаны үшін төрт ай ойындардан шеттетілген Луис Суарес қатысады деп күтілуде.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай