Балотелли 5 бөлмелі жаңа үй сатып алды

Балотелли 5 бөлмелі жаңа үй сатып алды

Жазғы трансфер кезеңінде «Ливерпуль» командасының қатарын толықтырған Италия ұлттық құрамасының шабуылшысы Марио Балотелли Хелсби ауданынан жаңа үй сатып алды. Көркі мен аумағы көз жауын алатын футболшының жаңа үйі 5 бөлмеден тұрады екен. Шабуылшы жаңа қонысын сатып алу үшін  4,75 миллион фунт қаржы жұмсаған. Хелсби тұрғындары «Супер Марионың» көшіп келуін тағатсыздана күтіп отырған да көрінеді.

Естеріңізге сала кетсек, шабуылшының «Миланнан» «Ливерпульге» ауысудағы трансфер құны 16 миллион фунт стерлингті құраған болатын. Аптасына 80 000 фунт жалақы алады. Тәртібі мен қосымша жетістіктеріне байланысты тағы да сыйақының берілуі қарастырылған.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:101greatgoals.com

Біз білмейтін Балотелли

Ө. Сансызбай