Головкин «Ice Bucket Challenge» акциясына қатысты

Головкин «Ice Bucket Challenge» акциясына қатысты

Орта салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдарындағы әлем чемпионы отандасымыз Геннадий Головкин белгілі велошабандоз Александр Винокуров ұсынған кезекті алып, «Ice Bucket Challenge» акциясына қатысты.

Қазақстандық боксшы «мұз қосылған сумен» шайынып қана қоймай, мұз толтырылған ваннаға түсіп, эстафета кезегін барлық достары мен оның кезегін қабыл көрген барлық жанкүйерлеріне жолдады.

Акция мақсаты – орталық жүйке жүйесін зақымдап, дене мүшелері мен бұлшықеттердің семуіне әкеліп соқтыратын аурумен ауырып жатқан жандарды қолдау мен көмек көрсету болып табылады. Бүйір амиотрофикалық склерозы ауруы Лу Гериг атымен де танымал. Осыған дейін бұл акцияға әлемнің талай танымал тұлғалары қатысты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин кәсіпқой бокстағы 31-ші жекпе-жегін 18 қазан күні мексикалық боксшы Марко Антонио Рубиоға қарсы Лос-Анджелесте өткізеді. Ал тікелей эфирде әйгілі «НВО» телеарнасы жұдырықтасуды әлемге тарататын болады. 

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com,astanafans.com