Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Қара мысық «Камп Ноудағы» ойынды тоқтатты

Қара мысық «Камп Ноудағы» ойынды тоқтатты

Қара мысық «Камп Ноудағы» ойынды тоқтатты

Испания ла-лигасының І турындағы «Барселона» мен «Эльче» клубтары ойынында кенеттен алаңда қара мысық пайда бола кетіп, төреші ойынды тоқтатуға мәжбүр болды. Үй жануары алаңға қалай шыққаны белгісіз. Стадионды бірнеше рет айналған үй жануарын алаң жиегіндегі қызметкерлердің бірі алып шықты. Ал ойын болса 3:0 есебімен каталондық клубтың пайдасына шешілді. Аргентиналық сұрмерген Лионель Месси дубль авторы атанса, Эль-Хаддади бір допты еншісіне жазды.

Футбол ойынында мұндай оқиғалар жиі орын алып тұрады. Жиналған жанкүйерлер жасыл алаңдағы  күтілмеген «қонақтардың» куәгері болған кездесулер аз емес. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға осындай оқиғалар легін ұсынамыз.

14 маусым, 2014 жыл

Футболдан Бразилияда өткен Әлем чемпионатындағы Уругвай мен Коста-Рика құрамалары кездесуі алдында алаңда құстар ұшып жүрген. «Castelao» қызметкерлері құстарды үркітіп қуған.

16 ақпан, 2014 жыл

Ақпан айында аргентиналық «Росарио Сентраль» мен «Ривер Плейт» кездесуінде алаңға ит шығып кеткен. 

18 маусым, 2005 жыл

Найробидегі Кения мен Марокко кездесуінде қыдырып жүрген марабу.

8 маусым, 2013 жыл

Сьерра-Леоне мен Тунис құрамалары кездесуінде қақпа күзетпек болған ит.

7 қазан, 2011 жыл

2014 жылғы әлем чемпионатына іріктеу ойындары аясындағы Эквадор мен Венесуэла кездесуінде алаң қызметкері сабалақ итті алаңнан алып шығуда.

Мәскеулік "ЦСКА" мен "Спартак" кездесулерінде алаңға шыққан ит төрешіге бағынбай тұр.

6 маусым, 2007 жыл

Финляндия мен Бельгия ойынында үкі қақпа маңдайшасын паналаған.

21 желтоқсан, 2013 жыл

«Лестер Сити» шабуылшысы Дэвид Ньюджент пен тиын.

5 сәуір, 2014 жыл

«Манчестер Сити» мен «Саутгемптон» ойыны алдындағы жайылып жүрген кептерлер.

28 сәуір, 2010 жыл

Сауысқан үй салу үшін «Крэйвен Коттедж» стадионындағы жасыл желектен "ұрлап" барады

14 маусым, 2010 жыл

Оңтүстік Африка Республикасында өткен әлем чемпионатында Франция құрамасының дайындығын "тексеруге" келген құс.

30 мамыр, 2010 жыл

Франциямен жолдастық кездесуде Тунис ойыншысы Яссин Микари алаңда жүрген мысықты шығарып тастауда.

10 қыркүйек, 2013 жыл

Монтивидеодағы Уругвай мен Колумбия ойынындағы қызғыш құс.

21 мамыр, 2009 жыл

Донецкілік «Шахтер»  мен времендік «Вердер» ойынында алаңға шыққан мысық қашып барады.

28 тамыз, 2012 жыл

«Торонто» мен «Сантос Лагуна» ойынында қақпаға қарай жүгірген қара мысық.

10 наурыз, 2013 жыл

«Цюрих» ойыншысы Лорис Бенито «Тунға» қарсы ойында сусар ұстап алған сәті.

Ал қақпашы Давид да Коста алаңнан шығаруда.

20 мамыр, 2010 жыл

Аргентиналық «Эстудиантес» пен бразилиялық «Интернасьонал» ойынында алаңға кірген ит ойыншылардың зәре-құтын алған.

10 мамыр, 2012 жыл

«Блэкберн Роверс» жанкүйері командасының ойынына көңілі толмай, алаңға тірі тауыққа клубтың Туын кигізіп жіберген.

"Энфильд" алаңындағы "Ливерпуль" мен "Тоттенхэм" ойынында емін-еркін жүрген мысық.

Регбиден Шотландия мен Англия ойындары кезінде алаңға түлкі жүгіріп шыққан.

Нидерландылық "Хераклес" пен "Гронинген" ойынында қатты "қорыққан" мысық алаңды айналып, шығарға тесік таппай жүр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:lenta.ru

Қосылған күні: 25 тамыз 2014, 16:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.