Видео: футболдағы қызықтар

Видео: футболдағы қызықтар

Назарларыңызға өткен маусымның есте қаларлық ерекше сәттерін ұсынамыз...

Қарсыластың шабуылын "балалықпен" тоқтатқан ойыншы

Түркия біріншілігінде "Касымпаш" - "Бешикташ" кездесуінде алаң иелерінің ойыншысы Райан Донк бала күннің бал қылығын еске алып, футбол алаңында ойына келген іс қылған болатын.

Төреші бұл жолы "балақайға" сары қағаз көрсетумен тынған еді.

Футболда Карате әдісі қолданылды

"Брюггенің" қорғаушысы Том Хедли футболда карате әдісін қолдануға болмайтынын бір сәт естен шығарып, "Гентаның" ойыншысы Ясин Эль-Ганассиді басынан теуіп құлатқан еді. Бас қазы ойыншыға лайықты қызыл қағазын көрсеткен болатын. 

Джакузиде жатып... стадиондағы матчты тамашалады!

Маусымның ең қызықты сәттерінің бірі Нидерландыда орын алған болатын. Эредивизия біріншілігінде "Бреда" - "Камбюр" кездесуінде жанкүйерлер жаңажылдық мереке алдында футболшыларын джакузиге шомылдырып алғысы келген еді.

Ойыншылар да рәсімденіп жатпай, суға секірген-ді.

Футболшы емес, төреші құлап жатып алды

Жартылай қорғаушы Мусса Сиссоко ойынның бас төрешісі Майк Джоунсқа абайсызда қолы тиіп кеткен еді, төреші көп ойланып тұрмастан, ойыншылар жиі жасайтын әдісті тез тауып, өзінен "құрбанды" жасауға тырысқан болатын.

Ойыншы бұл жайт үшін кешірім де сұрамады, ал мұрнынан қан тамған қатал бас қазы сары қағаз да көрсетпестен, жалпы, ойында ешнәрсе болмаған сыңаймен ары қарай жалғастыруға рұқсат берді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: livesport.bg

Ө. Сансызбай