Әлемдік футбол жұлдыздары «жатғаламшарлықтарды» жеңді

Әлемдік футбол жұлдыздары «жатғаламшарлықтарды» жеңді

«Samsung» компаниясы әлем футболының жұлдыздарының басын тоғыстырған үшінші жарнамасының жалғасын ұсынды. «Футбол–әлемді құтқарады» деген ұстанымда ұсынылған жарнамада әлемдік футбол жұлдыздары түзде бірінші тайм қорытындысы бойынша «жатғаламшарлықтардан» 3:1 есебімен ұтылып жатқан болатын. Үшінші жарнама қорытындысы бойынша екінші тайм және қосымша уақытта әлемдік футбол жұлдыздары жеңіске жетті.

Екінші таймда Радамель Фалькао мен Уэйн Руни есепті теңестірсе, қосымша уақытта Криштиану Роналду Мессидің берген пасын сәтті пайдаланып, Жер ғаламшарына жеңіс сыйлайды. Жарнама соңында 50 жылдан кейін қайта оралған «жатғаламшарлықтар» мен жаңа буын әлемдік футбол жұлдыздарының арасында кезекті ойын болатыны көрсетілген.

Жылына жарнама үшін ең көп қаржы жұмсайтын оңтүстік кореялық компания бұл жарнаманың басын 2013 жылдың соңына қарай түсірген болатын. Ала допты ұршықша иірген футболшылардан құралған «Galaxy 11» командасын құру үшін «Samsung» аз шығындалды деп айта алмаймыз. Сонда да сапалы жасалған дүние компанияны танымалдылыққа ұмтылдыра білді.

 Команда жасақтау. 2013 жыл. 17 желтоқсан


 Дайындық. 2014 жыл. 13 мамыр

Бірінші тайм. 2014 жыл. 9 маусым

Екінші тайм. 2014 жыл. 16 шілде


Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

Ө. Сансызбай