Моуринью әншіге қарсы ойын ережесін бұзды

Моуринью әншіге қарсы ойын ережесін бұзды

Кеше футболдан қайырымдылық кездесуін өткізген әлем футболы жұлдыздары құрамасы мен ағылшын танымал тұлғалары арасындағы ойында қызықты оқиға орын алды. Бір күнге ағылшындарға қарсы құраманы жаттықтырған лондондық «Челсидің» бас бапкері Жозе Моуринью алаңға жүгіріп шығып, командасына жақтаспақ ниетте ойын ережесін бұзды. Ағылшын әншісі Оли Мурс допты өз еркіне бағындыра бергенде, португалдық маман оны тоқтатуға тырысты. Нәтижесінде кездесуден қуылып, ойынды алаң сыртынан тамашалады. Ал «ақсүйектер» бапкерінің бұл қылығы жанкүйер көңілінен де шықты. Ойын 4:2 есебімен әлем құрамасы пайдасына шешілді. Кездесуде «Милан» бапкері Кларенс Зеедорф хет-трик авторы атанды.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: isport.ua

Ө. Сансызбай