«Барселона» мен Месси - CIES рейтингі көшбасшылары

«Барселона» мен Месси - CIES рейтингі көшбасшылары

Халықаралық спорт сараптама орталығы (CIES) Еуропадағы футбол клубтары мен футболшылардың  бағасын жариялады. Бұл тізімнің көшін каталондық «Барселона» мен Лионель Месси бастап тұр.

Құрамы ең қымбат клуб болып «блауграна» танылды. Каталондық клубтың барлық ойыншыларының бағасы 593 миллион еуроны құраған. Екінші орынға тағы бір испандық клуб «Реал» орналасыпты. «Корольдік клубтың» құрамының құны көшбасшыдан 110 миллион еуроға кем. Үштікті мюнхендік «Бавария» қорытындылап отыр. Хосеп Гвардиола шәкірттерінің құны 400 миллион еуроға бағаланған.

Құрамы ең қымбат клубтар ондығы:

«Барселона» - 593 миллион еуро

«Реал» - 483 

«Бавария» - 400

«Манчестер Сити» - 386

«Челси» - 385

«Ливерпуль» -373

«Арсенал» - 358

«Ювентус» -282

«ПСЖ» - 278

«Манчестер Юнайтед» - 273

CIES ең қымбат клубтармен қатар, трансфер құны ең жоғары футболшылардың да тізімін жариялады. Үздіктер көшін аргентиналық сұрмерген Лионель Месси бастады. Оның трансфер құны 216 миллион еуроға бағаланған. Екінші орында сөзсіз «Реал» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду (114 миллион еуро) болса, үштікті «Ливерпуль» және Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес (106,5 миллион еуро) қорытындылап отыр.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай