Бундеслиганың маусымдағы 10 үздік голы

Бундеслиганың маусымдағы 10 үздік голы

Футболдан 2013/2014 жылғы Германия чемпионатын мюнхендік «Бавария» мерзімінен бұрын иеленіп, қарсыластарынан 19 ұпай артық жинады. Екінші орынды дортмундтық «Боруссия» қанағат тұтса, үштікті гельзенкирхендік «Шальке» қорытындылаған-ды. Бүгін біз сіздердің назарларыңызға осы маусымдағы бундеслиганың 10 үздік голын ұсынамыз.

Үздік голдар көшін «Гамбург» футболшысы Хакан Чалканоглудың алаң ортасынан Юрген Клопп командасы қақпасын қақырата соққан голы бастады. Екінші орында мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Тьяго Алькантараның қайшылап теуіп, «Штуттгарт» қақпасына соққан голы енген. Үштікті бундеслиганың үздік сұрмергені Роберт Левандовскийдің жеке басы шеберлігі арқасында «Ганновер» қақпасында тулатқан добы қорытындылап отыр. 

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sport-xl.org

Ө. Сансызбай