Дани Алвеске банан лақтырған бала жазаланды

Дани Алвеске банан лақтырған бала жазаланды

«Вильярреал» командасының басшылығы банан лақтырған футбол жанкүйерін іздеп тауып, қатаң жазалады.

Бұл оқиға жексенбі күні «Вильярреалдың» өз алаңы «Эль Мадригал» стадионында, каталондық «Барселонамен» болған ойында орын алған болатын. «Вильярреал» жанкүйерлерінің бірі лақтырған бананды бразилиялық ойыншы жерден алып, ашып, жартысын жеген еді. Келесі күні көптеген футбол ойыншылары мен жаттықтырушылар Дани Алвешті қолдап, банан жеп тұрған суреттерін әлеуметтік желілерге салған болатын. Тіпті футболға қатысы жоқ, әлемнің сән жұлдызы – Адриана Лима өзінің твиттердегі парақшасына футболшыны қолдағаны жайлы жазды.

Италия командасының жаттықтырушысы Чезаре Пранделли және италиандық шенеунік Маттео Ренци:

Марио Балотелли

Дүйсенбі күні «Вильярреал» командасы өзінің ресми сайтында болған оқиға турасында өкінішін білдіріп, банан лақтырған жанкүйерді тапқаны жайлы жазған. Футбол жанкүйерінің кім екені айтылмаған, бірақ ол өмір бойы сүйікті командасының өз алаңында өтетін ойындарын, стадионда тамашалау құқығынан айырылды.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: Vk.com

Н. Айдархан