Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Бұл қызық / Футболда тігілген ең қызықты бәстер

Футболда тігілген ең қызықты бәстер

Футболда тігілген ең қызықты бәстер

Румындық футболшылардың Францияда өткен чемпионатта шаш түсін сарыға біркелкі етіп бояғаны есіңізде ме, ал Чемпиондар лигасында киевтік динамолықтардың таз қылып қиып тастағаны ше? УЕФА кубогында ЦСКА жеңіп шығатын болса мұртын алып тастауды мәлімдеген Валерий Газзаев естеріңізде болар? Футболдағы қызықты бәс тігу тізімі мұнымен бітпейді. Sports.ru сайтының редакторы Денис Романцов ең қызықты деген бәс тігу сәттерін жинақтапты. Біз солардың ішіндегі ең қызықты болады дегендерін таңдап алдық.

Гросскройц және алкоголь

2012 жылдың көктемінде дортмундық «Боруссия» екі бірдей нәтижеге қол жеткізді: Германия чемпионаты мен кубокты бірдей жеңіп алды. Сол кезде команданың жартылай қорғаушысы Кевин Гросскройц пен топ менеджері Фриц Люншерманн стадион мен өздері дайындық жасайтын базасы аралығындағы (12 шақырым және 27 сырахана) әрбір сыраханадан бір-бір реттен саптыаяқ сыра мен кішкентай стақанға арақ құйып ішетінін мәлімдеген. Әрине, егер «Боруссия» жеңіс жолын жалғастырар болса. Бірақ олардың «денсаулығын ойлаған» «Бавария» клубы оларды кубок жолынан шығарды, кейін чемпионатта да артқа тастады. Мұнысымен қоймай, Чемпиондар лигасында да тізе бүктірді.

Нигерия құрамасы және жезөкшелер

Африкалық ұлттар кубогында Нигерия құрамасы 20 жыл бойы жеңіс бетін көрмей кеткен еді. Ойыншылар да, бапкер де, тіпті сол заманнан бері бір ұрпақ та ауысты, дегенмен, олардың жолы тек жартылай финалдардан жолы болмай-ақ қойды. Ал осыдан бір жыл бұрын нигериялықтар Кот-д’Ивуар құрамасын ұтып ширек финалға шықты. Жартылай финалдағы қарсыласы Мали құрамасымен болатын ойын алдында оларға нигериялық жезөкшелер көмекке келеді. Бұдан кейін Нигерияның жезөкшелер ассоциациясының хатшысы Джесика Элвис мәлімдеме жасайды: «Біз Нигерия құрамасының келесі жарыс жолына шығуымен құттықтаймыз. Ойыншыларымызды қолдаймыз және олар еліміздегі футбол деңгейін көтерсе екен дейміз. Егер футболшыларымыз жеңіске жететін болса біз оларға көрсеткен қолдауымыз ретінде бір апта бойы тегін жыныстық қатынасқа түсетінімізді айтамыз». Жартылай финалда нигериялықтар малиліктерді тізе бүктіріп (4:1), ақтық сында Буркина-Фасо құрамасын жеңеді. Дәл осылай олар жезөкшелерінің өзі армандап жүрген жеңіске жетеді.

 

Пранделли және шіркеу

Еуро-2012 додасында Италия құрамасының жеңіске жететініне ешкім де сенбеген еді. Бұл елдің футболшыларын келісілген ойын ұйымдастырды деген де сыбыс шығып, тексеруге алып жатқан болатын. Жағдайдың ушығып жатқанын көзімен көрген құрама бапкері Чезаре Пранделли Краков шіркеуіне жаяу тауап етуге баратынын мәлімдеген болатын.

Италиялықтар өздеріне жүктелген сенімді ақтады: олар Ирландия құрамасын тізе бүктірсе, ал испандықтар мен хорваттықтармен ұпай бөлісті. Ал уәде бойынша Пранделли мен федерацияның вице-президенті Деметрио Альбертини Величка қаласынан шіркеуге дейінгі жерді (21 шақырым) түнде жүріп өтті. Шіркеуге кіргізу тек таңертең болғандықтан олар үйді-үйлеріне көлікпен тарқасты.

Франция құрамасы мен жалаңаш қыз

Франциялық телевидениенің ауа-райымен таныстыратын жүргізушісі Дория Тийе егер Франция құрамасы Әлем-Чемпионаты 2014-ке жолдама алатын болса эфирді жалаңаш түрде жүргізетінін мәлімдеген. Бұл ойға ол өз командасының Украина құрамасынан 0:2 есебімен ұтылған соң келіпті. Кейін қарымта кездесуде Франция құрамасы қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктіріп, Тийенің твиттердегі аккаунтына уәдені орындауын талап еткен жазбалар көбейеді. Тележүргізуші мұнда бір қулыққа барады. Дориа Бургундияға кетіп қалады. Онда Poil атты ауыл бар екен (ал poil француз тілінен аударғанда – жалаңаш) деген сөзді білдіреді, ал өзі сонда барып суретке түсіп алады. Сөздердің ойынын сәтті пайдаланған жүргізушіге алданып қалғандар ештеме дей алмай қалыпты.

Украиналықтар мен жүздеген литр сыра

Киевтік «Оболонь» футбол командасы 2011-2012 маусымдық ойындарын сәтсіз бастаған көрінеді. Осыдан кейін клуб басшылығы сыра зауытымен ақылдасып, харьковтық «Металлист» клубының қақпасына доп кіргізген адамға бір центнер сыра сыйға тартылатынын мәлімдеген. Украиналық командалар 3-3 есебімен тең тарқасты. Ал гол соққан Игорь Пластун, Александр Мандзюк және Иван Котенко бір-бір центнерден сыраны үйіне алып қайтысты. Ал жарты жылдан кейін бұл команда тарап кетіпті.

Ди Меко және егеуқұйрық

«Марсель» клубының президенті Жан-Клод Дассье Сесара Аспиликуэтуды «Челсиге» сатып жіберген соң оны Испания құрамасының болашақ қорғаушысы деп мақтапты. Ал оның бұл мәлімдемесін естіген бұрынғы француз қорғаушысы Эрика Ди Меко қарсы шығыпты. Егер Аспиликуэту Испания құрамасының атынан ең болмағанда бір рет шығатын болса – белгілі бір шоу-бағдарламада тікелей эфирде егеуқұйрықты жеп қоятынын айтқан. Ди Меконың жолы болмады – бір жыл бұрын Висенте дель Боске Сесараны Уругвай құрама командасымен қарсы кездесуге шақырды. Ал Эрик дүйім жұрттың алдында кәдімгі егеуқұйрықты жеді.

Коло Туре мен тату

Өткен жазда ивуарлық қорғаушы Коло Туре «Ливерпуль» сапына өткен болатын, ал содан үш ай өткен соң клуб жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналып үлгерді. «Ливерпуль» командасының жанкүйері Доминик Пирсон өз денесіне Колоның аты жазылған тату салғызған кезде атын дұрыс жазбағанын айтып, суретшіге ренжіген екен – Kolo Touro, ал дұрысы Kolo Toure. Ивуарлық футболшы жанкүйердің тату салушының бұл ісіне ренжігенін білген соң өз атын жақын арада ауыстыратыны туралы айтыпты. Пирсон болса сүйікті футболшысының бұл ісіне дән риза.

Балотелли және оның сүйіктісі

Өткен жылғы Чемпиондар лигасында «Реал» «Боруссиядан» 1:4 есебімен ұтылып қалған болатын. Реалдықтардың келесі кезеңге өту мүмкіндігі бұдан кейін нөлге теңелген болатын. Осыдан кейін Марио Балотелли испандық Marca басылымында «Егер «Реал» камбэк жасап, «Боруссияны ұтып, финалға шығатын болса өз сүйіктімнің «Реал» ойыншыларымен жыныстық қатынасқа түсуіне рұқсат етемін» деп мәлімдепті.

Мадридтіктер Роман Вайденфеллер қақпасына жауапсыз екі доп соққан, бірақ бұл есеп оларға көмектеспеген екен. Бірақ сонда да Gazzetta dello Sport атты Италия басылымында Балотелли мен оның сүйіктісі Фанни Негуешаның айырылысып кеткені жайлы хабар таратқан екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Дереккөз: sports.ru

Сурет: furfur.me

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 19 ақпан 2014, 12:22
Пікірлер
+0
19 ақпан 2014, 12:32

азған екен...

+0
19 ақпан 2014, 12:42

Нигерия құрамасы және жезөкшелер :cry: :cry: :cry:

+0
19 ақпан 2014, 18:09

Негiзi батыс осындай азгындыкпен жарнамалайдыго оздерiн.Мал сиакты,бiрак малда осындай азгындыкка бармайды.Кайрат Оразбековта бастескен едi,Кайрат чемпион болса басымды жалтыратып алып тастаймын деп.Кайра УЕФА чемпионы болды.Созне турмай кеттi.

+0
19 ақпан 2014, 18:15

Болателли табие кормеген шыракко.Ата-анасы тастап кеткен италиялык семияга.Осы маймыл эфирге шыккалы жезокшелiктi насихаттап келедi.Журетiнi порноканшыктар.Оган карап жастар елiктемендер.Казакта тексiдердi окшаулаган.

+0
19 ақпан 2014, 19:25

Реал финалға шыққандағо шіркің 1 қызыққа куә болатын едік :?

+0
20 ақпан 2014, 00:23

балотелли базар жок

+0
26 ақпан 2014, 01:52

мммммәәәәәәәә саған мыналарын естімеген елде көп деген осы шығар сірә 8-) 8-) 8-) 8-) 8-) 8-) 8-)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.